02
November
2022
"Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл" тақырыбымен спорттық сайыс
Алғабас орта мектебінде "Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл" тақырыбымен оқушылар мен мұғалімдер арасында волейболдан сайыс өтті. Оқушылар мен мұғалімдер арасында өткен тартысты сайыстың мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттай отырып эстафета спорттық ойынын дамыту және оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту; оқушылардың денсаулығын арттыру және шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімдікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.