20
March
2023
"Күршім аруы - 2023" байқауына қатысты
8-сынып оқушысы Құрматқызы Калима "Күршім аруы - 2023" аудандық қыз сыны байқауына қатысты. Мақсаты: 1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік, т.б. негізінде тәрбиелеу. 2. Әр қыз баланы парасатты, жан–жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Құрматқызы Калима аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталып, байқауға қатысқаны үшін сый-сияпатқа ие болды.