30
November
2021
1 – желтоқсан дүниежүзілік СПИД – ке қарсы күні
1 – желтоқсан дүниежүзілік СПИД – ке қарсы күнге орай мектеп медбикесі Қозыбаева Н. оқушылармен «СПИД – ғасыр індеті» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру барысында әртүрлі материалдар ұсынып, бейнероликтер көрсетілді. Мақсаты: СПИД – тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін айтып, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан – жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана – сезімдерін дамыта түсу. Schoolchildren СПИД ауруының адам өмірі үшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндірді.
Сонымен қатар, мектеп психологы мен мектеп медбикесі 8 – 9 сынып оқушыларымен «Электронды темекінің зияны» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы тақырыпта оқушылардан сауалнама алынып, бейнероликтер көрсетілді.