Совет орта мектебінің (қазіргі Алғабас орта мектебі) 1980 жылы түлеп ұшқан түлектері заман талабына сай соны үлгіде жасалған рəміздер бұрышын жасатуға демеушілік жасады.
Алғабас орта мектебінің 1992, 1993, 1994 жылғы түлектері мектеп ішіндегі көрнекіліктердің жаңартылуына үлес қосып, демеушілік көмек ретінде заман талабына сай бірнеше баннер тарту етті.
«ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының «Туған өлкем» бағыты бойынша "Еko bolashak" тақырыбы аясында өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері ойын алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді.
8-сыныпта "Буллингке жол жоқ!" тақырыбында тəрбие сағаты өтті. Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу. Сынып ұжымы сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. Мектеп психологы: Тұрсынғалиева Ə.К.
1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сəйкес 6-сыныпта «Әрқашан күн сөнбесін!» тақырыбында асфальтта сурет салу сайысы өтті. Көркем еңбек пəні мұғалімі: Сәденов М.
Жазушы Мұхтар Әуезовтің ұлы, белгілі шығыстанушы, мәдениеттанушы, ғалым Мұрат Әуезовтің 80 жасқа толу мерейтойына орай 8-сынып оқушыларына дəріс оқылды.