22
September
2022
Жалпы ата-аналар жиналысы
22 қыркүйек күні мектепте жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп әкімшілігі. Әр сыныптың ата-аналар комитеті мүшелері қатысты. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес мектеп кітапханашысы М.Қозыбаева "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі" тақырыбында баяндама жасады. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Семизбаева жаңа оқу жылындағы өзгеріс, жағалықтар туралы ақпар берді. Мектептің әлеуметтік педагогы М.Жақыпбаева балалардың тамақтануы жайлы түсіндірме ақпарат айтты. Мектеп директоры м.у.а. А.Кенжеханов жалпы мәселелер бойынша ақпарат беріп, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.