Алғыс айту күні » КГУ Алгабасская СШ
Восточно-Казахстанская область
Коммунальное государственное учреждение
"Алғабас орта мектебі"
отдела образования Курчумского района
Приемная
+7(72343) 2-10-86
Бухгалтерия
+7(72343) 2-10-86
Версия для
слабовидящих
» Алғыс айту күні
01
март
2022

Алғыс айту күні

1 – наурыз Алғыс айту күніне орай мектебімізідң 4,5 – сынып оқушылары арасында «Алғыс айту – парыз» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. Мектеп парламентінің мүшелері «Алғыс айту» күніне арналған «Алтын жүрек» челленджіне қатысты. Оқушылар өздерінің алғыс сөздерін жақындарына, жаны жайсаң жақсыларға жолдады. Парламент мүшелері арнайы бұрыш жасап, кіре берісті безендірді. Қабырға газеттерімен қатар қолөнер бұйымдары, алғыс айту жәшігі қойылды. 1 – сыныпта «Алғыс айту парызым», 7 – сыныпта «Алғысым шексіз» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мектеп психологы бастауыш сынып оқушыларымен «Жылы жүректен жақсы тілек» атты тренинг өткізді. Парламент мүшелері ата – әжелерін алғыс айту күнімен құттықтап, бейнеролик түсірді.