11 қазан - Халықаралық қыздар күні » КГУ Алгабасская СШ
Восточно-Казахстанская область
Коммунальное государственное учреждение
"Алғабас орта мектебі"
отдела образования Курчумского района
Приемная
+7(72343) 2-10-86
Бухгалтерия
+7(72343) 2-10-86
Версия для
слабовидящих
» » 11 қазан - Халықаралық қыздар күні
11
октябрь
2021

11 қазан - Халықаралық қыздар күні

Қыз  - өмірдің бастауы, қыз -  тіршіліктің тірегі демекші 11 қазан  - Халықаралық қыздар күні деп белгіленді. Осыған орай мектебімізде көптеген іс – шаралар өткізілді. Мақсаты: қыздардың қоғамдағы рөлін көрсете отырып, ар – намысын жоғары қоя білуге, абыройлы болуға тәрбиелеу.  Қыздар мерекесіне орай 5 – 6  сынып оқушылары арасында «Мен қандаймын?» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.  9 – 10  сыныптың қыздарымен «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында пікіралмасу өткізілді.  6 – сынып оқушыларымен «Құқығың бұзыла ма?» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сауалнама алынды. Мектеп психологы 7 – 8  сыныптың қыздары арасында  «Қыз қылығымен көрікті» атты тренинг өткізді.  Мектеп медбикесі мен ауылдық ФАП – тың фельдшері Қалдешова Р.  жоғары сынып қыздарымен кездесу өткізіп, «Бүгінгі қыз  - ертеңгі ана» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.