10
сентябрь
2021
Отбасы күні
Ел Президенті мемлекет – отбасыдан басталатынын және біздің қоғамда негізгі отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңызыдылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап өтуіміз керек. Отбасы күнін Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі. Яғни биыл Отбасы күні 12 қыркүйекке сәйкес келеді. Осыған орай мектебімізде көптеген іс – шаралар өткізілді. Іс – шараның мақсаты: оқушыларға отбасы құндылықтары, отбасындағы тәрбие туралы айта отырып, бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата –ана тәрбиесі, өнегесі және ата – ана баланың бас ұстазы екенін тұсіндіру. Мектеп кітапханасында «Отбасы – өнеге бастауы» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, оқушылармен таныстырылды. Әрбір сыныптарда «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 5 – 6 сынып оқушылары арасында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында эссе жазу сайысы ұйымдастырылып, бастауыш сыныптар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.