Ата-аналарға - КГУ Алгабасская СШ http://algabas.mektebi.kz/ ru Ата-аналарға - КГУ Алгабасская СШ DataLife Engine Ата-аналар мен оқушылар назарына! http://algabas.mektebi.kz/roditelyam/351-ata-analar-men-oushylar-nazaryna.html http://algabas.mektebi.kz/roditelyam/351-ata-analar-men-oushylar-nazaryna.html ]]> ]]> admin Wed, 03 Apr 2024 16:54:48 +0600 Ата-аналар назарына: есірткі мен заң http://algabas.mektebi.kz/roditelyam/350-ata-analar-nazaryna-esrtk-men-za.html http://algabas.mektebi.kz/roditelyam/350-ata-analar-nazaryna-esrtk-men-za.html ]]> ]]> admin Wed, 03 Apr 2024 16:52:16 +0600 1-сыныпқа балаларды қабылдау туралы ақпарат http://algabas.mektebi.kz/roditelyam/353-1-synypa-balalardy-abyldau-turaly-aparat.html http://algabas.mektebi.kz/roditelyam/353-1-synypa-balalardy-abyldau-turaly-aparat.html ]]>
1 сәуірден бастап балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініштер қабылданады және қабылдау 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.
Балаларды мектепке қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған.
2024 жылдан бастап құжаттарды қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін ұзартылды;
Бірінші сыныпқа алты жастан бастап даярлық деңгейіне қарамастан балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын балалар келесі құжаттарды ұсынумен қабылданады:
 мәлімдеме;
 өлшемі 3х4 см баланың суреті (2 дана);
 «Бала денсаулығының паспорты» 052-2/у нысанды анықтама. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлеметі бойынша, биылғы жылдан бастап «Бала денсаулығының паспортыy» ақылы түрде сатып алудың қажеті жоқ. Баланың денсаулық паспортын баланың тіркелген жері бойынша емханалар мөрі бар анықтама түрінде тегін беретін болады.
Ағымдағы жылда Оқу-ағарту министрлігімен egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы ырқылы мемлекеттік қызметтің бизнес-процесі жаңартылды:
• микроучаскеге байланысты автоматты түрде мектепті таңдау қарастырылған. (Білім беру ұйымына қызмет ету аумағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бұйрығымен бекітіледі);
• сынып жинағы автоматты түрде қалыптасады;
• білім беру ұйымымен келісім-шарт «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта жасалатын болады (бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықтан кейін ата-анаға білім беру ұйымымен отыруға келісім-шартқа танысу және қол қою үшін СМС хабарлама келеді. Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады).
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына артық құжаттарды, оның ішінде «Баланың туу туралы куәлігін» талап етуге тыйым салынғанын хабарлаймыз.

]]>
admin Thu, 28 Mar 2024 17:03:02 +0600
Ақша жинауға тыйым салу туралы http://algabas.mektebi.kz/roditelyam/291-asha-zhinaua-tyjym-salu-turaly.html http://algabas.mektebi.kz/roditelyam/291-asha-zhinaua-tyjym-salu-turaly.html ]]> admin Thu, 26 Oct 2023 10:46:37 +0600 "Балалар еңбегі - ҚР Еңбек заңнамасының талаптары және шектеулері" туралы түсіндірілді http://algabas.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/265-balalar-ebeg-r-ebek-zanamasyny-talaptary-zhne-shekteuler-turaly-tsndrld.html http://algabas.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/265-balalar-ebeg-r-ebek-zanamasyny-talaptary-zhne-shekteuler-turaly-tsndrld.html ыстырылды.]]> ыстырылды.]]> admin Tue, 30 May 2023 10:18:23 +0600 Жалпы ата-аналар жиналысы өтті. http://algabas.mektebi.kz/roditelyam/253-zhalpy-ata-analar-zhinalysy-tt.html http://algabas.mektebi.kz/roditelyam/253-zhalpy-ata-analar-zhinalysy-tt.html ]]> ]]> admin Thu, 11 May 2023 09:52:47 +0600 "Бала - болашағымыз" тақырыбында ата-аналар оқулары http://algabas.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/191-bala-bolashaymyz-tayrybynda-ata-analar-oulary.html http://algabas.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/191-bala-bolashaymyz-tayrybynda-ata-analar-oulary.html ]]> admin Mon, 27 Feb 2023 16:44:19 +0600 Жалпы ата-аналар жиналысы http://algabas.mektebi.kz/roditelyam/143-zhalpy-ata-analar-zhinalysy.html http://algabas.mektebi.kz/roditelyam/143-zhalpy-ata-analar-zhinalysy.html ]]> admin Thu, 22 Sep 2022 15:10:05 +0600 Ата-аналарға кеңес http://algabas.mektebi.kz/roditelyam/234-ata-analara-kees.html http://algabas.mektebi.kz/roditelyam/234-ata-analara-kees.html  Ата - аналар үшін "Баланың оқу іс - әрекетіне көмек"
 1.Баланың сабағын жеңілдететін  жағдай жасауға тырысыңыз, тұрмыстық – жақсы тамақтану, тұрақты  режим, толыққанды ұйқы, жайлы тұрмыстық жағдай, сабақ оқуға жайлы және ыңғайлы орын;эмоционалдық – баланың мүмкіндігіне сенімділік артыңыз, табысты орындауынан үміт күтіңіз, кішкене жетістігі болса да, қуанышыңызды білдіріңіз, баланың оқуына төзімділік, мейірімділік танытыңыз, бала үлгермей жатсақатты сөйлемеңіз; мәдени – балаңызды анықтамалармен, сөздіктермен, атластармен, бейнетаспалармен, мектептің оқу бағдарламасына сәйкес кітапшалармен қамтамасыз етіңіз.
    2.Өз балаңызды тыңдаңыз: ол жаттауға, есте сақтауға берген тапсырманы айтып шықсын, жазуға берген мәтінді бөліп-бөліп, асықпай оқыңыз, оқулықтағы сұрақтар бойынша сұраңыз т.с.с.
     3.Өзіңіздің бала кезіңіздегі жетістіктеріңіз туралы айтып, білімдеріңізбен бөлісіңіз.
    4.Ата-ананың назарында баланың бағасы ғана емес, білім болу керектігін есте ұстаңыз. Сондықтан да баланың болашағы туралы ойлап, алған білімінің қай кезде, не үшін  қажеттілігін түсіндіріңіз. Баланың оқуға белсенділігін тудыратын отбасылық дәстүрлер мен әдеттер құрыңыз,
   5.Баланың бос уақытын құр қалдырмай, оны мазмұнды әрі, пайдалы етіп өткізуге көмектесіңіз.
      6.Балаңызды оқу үлгеріміне қарамай, жақсы көретініңізді сездіріңіз.
   7.Балаңызды жан-жақты бақылау үшін және мүмкін көмектер көрсету үшін әрдайым балаңыздың қатысатын үйірмелерінің, факультативтерінің, қосымша сабақтарының, сабақ кестесімен танысыңыз.
Балаңыздың қуана мектепке баруы үшін не істеуге болады?
(Ата-аналарға кеңес беру жұмыстары)
•          Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз. Ұйқысы қанбаған бала - сабақта мұңаюлы құбыжық.
•          Мектеп туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше мұғалімдерді сөз қылмаңыз.
•          Бала  тапсырмаларға, мектептен әкелген кітаптарына  сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін.
•          Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.
•          Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс. 
•          Балаға өз ойын жазбаша жеткізуді үйретіңіз: онымен хат жазып алмасыңыз, бірге хат жазыңыздар. Егер бала сізбен  қатты әсер алған оқиғасымен бөліссе – сол оқиға жайлы әңгіме құрастырып жазуын өтініңіз , ал кешкісін оны  барлық отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.
•          Мектеп пен сынып өміріне үнемі белсенділік танытыңыз. Балаға оның мектебінің сіздің өміріңіздің  маңызды бөлігіне айналуы жақсы әсер етеді.
•          Мектепте сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз.
•          Кейде бала барлық мектептік жағымсыз жағдайларды жүректеріне жақын қабылдап қалуы мүмкін. Әркез оған ненің маңызды, ненің аса маңызсыз екенін үйретіңіз.
•          Балаңызға ұрыссаңыз, «сен әрқашан», «сен мүлдем», «әркез сен» деген сөздерді қолданудан аулақ болыңыз… Негізінде сіздің балаңыз әрқашан жақсы, тек бүгін ғана бір нәрсені дұрыс істемеді. Осы туралы оған айтыңыз.
•          Әдетте бала жаман қылық істегенде ол ұялу сезімін бастан кешіреді. Ал сіз оны жазалағанда, оның ұялу сезімі өшеді. Ал бұл қауіпті.

]]>
admin Thu, 01 Sep 2022 17:28:45 +0600
ҰБТ-ға дайындық бойынша ата-аналарға кеңес http://algabas.mektebi.kz/oushylara/bt/266-bt-a-dajyndy-bojynsha-ata-analara-kees.html http://algabas.mektebi.kz/oushylara/bt/266-bt-a-dajyndy-bojynsha-ata-analara-kees.html                      Құрметті ата-аналар!

Психологиялық қолдау– балаңыздың ҰБТ-ны сәтті тапсыруының бірден-бір маңызды факторы.Баланы қалай қолдау керек?

-  Оның күшті жақтарына сүйеніңіз.

-  Балаңыздың нашар жақтарын бетіне басудан аулақ болыңыз.

 -  Үйде достық жағдай қалыптастырыңыз.

-  Үйде сабақ қарауға ыңғайлы орын дайындаңыз.

-  Пән бойынша әртүрлі нұсқадағы тест тапсырмаларын дайындаңыз.

-  Балаңызға әр күнге дайындық тақырыбын бөлуге көмектесіңіз.

-  Бір уақытта қатал әрі мейірімді болыңыз, бірақ судья рөлінде болмаңыз.

-  Балаңызды қолдаңыз, оның уайымдап жүргенін түсінетініңізді көрсетіңіз.

-  ҰБТ-ның алдында баланың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

-  Баланың ҰБТ-ға дайындық режимін бақылаңыз.

-  Уақытты үнемдеуге үйретіңіз.

-  Тамақтануына көңіл бөліңіз:  баланың ақыл-ой жұмысы уақытында нәрлі және алуан түрлі тағам қажет.

-  Балаңыздың хал-жағдайын бақылаңыз, оның әбден жалығуына жол бермеңіз.

-  Тестілеу алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз.

Есіңізде болсын: ең негізгісі – дұрыс ниет, баланың өз мүмкіндіктерін бағалай алуы, уақытты дұрыс бөлу және жүйелі дайындық.

Емтиханды сәтті тапсыру көбіне баланың көңіл-күйіне және соған ата-анасының қатынасына байланысты. Баланың емтиханға дұрыс дайындалуына көмектесу үшін бірнеше кеңесті орындап көріңіз:

·  Балаңыздың емтиханда алатын ұпай саны сізді мазаламайтынын көрсетіңіз. Ұпай саны білімін толық көрсете алмайтынына  сендіріңіз.

 ·  Емтихан алдында балаңыздың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жас ерекшелігіне сәйкес бала өзінің эмоциясына ие бола алмай бірдеңе бүлдіріп қоюы мүмкін.

·  Үйдегілердің ешқайсысы бөгет жасамайтындай баланың сабақ қарауына ыңғайлы орын қамтамасыз етіңіз.

·  Тест тапсырмалары бойынша жаттығулар уақытында уақытты үнемдеуге және оны дұрыс бөлуге үйретіңіз.

·  Емтиханға дайындық режимін бақылаңыз және шамадан артық оқуға жол бермеңіз.

·  Тамақтануына көңіл бөліңіз. Балық, ірімшік, жаңғақ және тағы басқалар адам миының жұмыс істеуін жақсартады.

·  Емтихан алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз, ол демалуы және ұйқысын қандыруы қажет.

·  Емтиханнан кейін баланы сынамаңыз.

·  ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: негізгісі – уайымын, үрейін төмендету және баланың сабақ қарауына жағдай жасау.

]]>
                     Құрметті ата-аналар!

admin Mon, 24 May 2021 10:24:14 +0600