28
October
2021
«Бала құқығы – адам құқығы»
Республикалық «Бала құқығы – адам құқығы» айлығына байланысты мектебімізде көптеген іс – шаралар ұйымдастырылып жатыр. Мақсаты: балалар мен жеткіншектердің өздерінің құқықтары мен бала құқықтары жөніндегі Конвенцияның негізгі ережелері жөніндегі білім деңгейін анықтау. Іс – шараның жоспарымен және мақсатымен таныстыру үшін жиын өткізілді. Сонымен қатар, 8 – 10 сынып оқушыларынан «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында сауалнама алынды. Әрбір сыныптарда «Бала құқығы – адам құқығы», «Біз құқық бұзушылыққа қарсымыз» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. Мектеп парламентінің The presidentі Төлеуханова Бекзат «Бала құқығы қаншалықты қорғалуда?» тақырыбында мектеп оқушыларынан сұхбат алып, бейнеролик түсірді. Сонымен қатар кітапханашы Жакупбаева М.С «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында оқушылармен челлендж ұйымдастырды. Мектеп психологы 3 – 4 сыныптар арасында «Жылы жүрек» тақырыбында, 7-сынып оқушыларымен «Менің құқығым» тақырыбында тренингтер өткізді. 8 - сынып оқушылары арсында «Балалық шақты бірге қорғайық» атты челлендж ұйымдастырылды. Технология пәні мұғалімі Саденов М. «Шебер қолдар» тақырыбында қолөнер көрмесін, «Зорлық -зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастырды. 8,9,10 сыныптар «Менің арманымдағы болашақ» тақырыбында жоба қорғады. «Балалық – балғын шақ», «Қатыгездік пен зорлық -зомбылықсыз балалық шақ», «Бала құқығы – асыл қазына» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.