«Ұстаздар күні" » КГУ Алгабасская СШ
Восточно-Казахстанская область
Коммунальное государственное учреждение
"Алғабас орта мектебі"
отдела образования Курчумского района
Приемная
+7(72343) 2-10-86
Бухгалтерия
+7(72343) 2-10-86
Версия для
слабовидящих
» » «Ұстаздар күні"
01
октябрь
2021

«Ұстаздар күні"

Ұстаз деген – бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаз – ұлағатты есім, қастерлі, киелі тұлға. Қазан айының алғашқы жексенбісінде елімізде ұстаздар күні аталып өтеді. Осыған орай мектебімізде көптеген іс - шаралар өткізу қолға алынды. Ұстаздар мерекесіне арналып Жакупбаева М.С 6 – сынып оқушылары арасында өлең оқудан челлендж ұйымдастырды. «Жас ұлан» ұйымының мүшелері кіре берісті безендіріп, ұстаздарға өлең жолдарын арнап, видео құттықтауларын жолдады. Ұстаздарға арналып ұйымдастырылған арнайы бұрышта ұстаздар туралы кітап ұсынылып, көрме ұйымдастырылды. Оқушылар сынып жетекшілерімен бірге әрбір отбасының қазынасы болып отырған зейнеткер ұстаздарды «Ұстаздар күнімен» және «Қарттар күнімен» де құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Алғабас орта мектебінің 2021 жылғы түлектері ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Ата – аналар да ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, видеоролик арқылы өздерінің жылы лебіздерін жолдады.