02
декабрь
2022
Құқық сабақтары - өмір сабақтары
9 қараша күні Алғабас орта мектебінің 6-7 сынып оқушыларына "Құқық сабақтары - өмір сабақтары" тақырыбында тренинг өткізілді. Іс-шараға Күршім АПБ ЖПҚБ КТІ жУПИ полиция капитаны Е.Тукбиев пен полиция лейтенанты А.Айдарқанов қатысты. Мектептің педагог-ұйымдастырушысы М.Қозыбаева өткізген тренинг мақсаты оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөніндегі түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.
