19
март
2026
«Жақсылық жасап жарысайық» акциясы аясында мектебіміздің 11-сынып оқушылары игі іс жасап қайтты.
Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Жақсылық жасап жарысайық» акциясы аясында мектебіміздің 11-сынып оқушылары игі іс жасап қайтты.
Оқушылар ауылдық мешітке барып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, айналаны ретке келтіруге өз үлестерін қосты. Бұл – тек еңбек қана емес, үлкенге құрмет, кішіге үлгі боларлық тағылымды іс болды.Осындай қайырымды бастамалар жас ұрпақтың бойында жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратыны сөзсіз. Бірлік пен жанашырлықты дәріптеген бұл күн барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Жақсылық жасау – әр жүректің қалауы. Ендеше, жақсылық жасап жарысайық!
Сынып жетекшісі: Сапаргалиева А.Б.