04
февраль
2026
«Өзіңе керегіңді ал» акциясы өтті
Мектеп оқушыларына қуаныш сыйлау, мейірімділік пен өзара қолдау құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Өзіңе керегіңді ал» атты акция ұйымдастырылды. Акция аясында балалар үшін түрлі тәттілер ілініп, әр оқушы өзіне ұнағанын алып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға қамқорлық көрсету, жақсылық жасауға баулу және ортада достық пен сыйластықты нығайту. Осындай игі бастамалар балалардың жүрегіне жылу сыйлап, жағымды әсер қалдырды.
Мектеп психологы: Турсынгалиева А.К.