«Наурыз-думан» атты интерактивті ойын өткізілді! » КГУ Алгабасская СШ
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72343) 2-10-86
Есепші бөлімі:
+7(72343) 2-10-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Наурыз-думан» атты интерактивті ойын өткізілді!
18
март
2026

«Наурыз-думан» атты интерактивті ойын өткізілді!

7-сыныпта Наурыз мерекесіне орай «Наурыз-думан» атты интерактивті ойын өткізілді! ✨
 Бұл шараның басты мақсаты – ұлттық дәстүрлерімізді насихаттау, жастардың қызығушылығын арттыру және мерекелік көңіл-күй сыйлау болды.
 Қатысушылар түрлі қызықты тапсырмалар мен ойындарға белсене қатысып, өз өнерлері мен білімдерін көрсете білді. Ұлттық салт-дәстүрлерге негізделген кезеңдер ерекше әсер қалдырды.
 
🎉 Ойын барысында достық пен бірлік нығайып, қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.
 
🌿 Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл шара баршаға қуаныш сыйлап, Наурыздың мән-маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
 
Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Ақ мол болсын, жылымыз берекелі болсын! 🌸
 Сынып жетекшісі: Рахиева С.Т.