Ата-аналарға » КГУ Алгабасская СШ
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72343) 2-10-86
Есепші бөлімі:
+7(72343) 2-10-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ата-аналарға
«Заң және тәртіп» айлығы аясында ата-аналар жиналысы өткізілді.
30
январь
2026
«Заң және тәртіп» айлығы аясында ата-аналар жиналысы өткізілді.
«Заң және тәртіп» айлығы аясында ата-аналар жиналысы өткізілді.  Жиналыс барысында білім алушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, баланың құқықтары мен ата-ананың жауапкершілігі туралы мәселелер талқыланды. Ата-аналарға профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сұрақтарына жауап берілді
Ата-аналар назарына! 📢 МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!
10
сентябрь
2025
Ата-аналар назарына! 📢 МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!
Ата-аналар назарына! 📢 МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ! Алғабас орта мектебінде заңсыз ақша жинауға қатаң тыйым салынатыны туралы бұйрық шықты. 📌 Бұл шешім ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 9-бабына және ШҚО Білім басқармасының хатына сәйкес қабылданды. 🔒 Бұдан былай ата-аналардан: – Жөндеу жұмыстарына, – Құрал-жабдықтарға, – Педұжымға сыйлық алуға, – Мектеп іс-шараларына т.б. ақша жинауға қатаң тыйым салынады. 🧑‍🏫 Сынып жетекшілері мен мұғалімдерге бұл талапты бұзуға жол берілмейді. ✅
5-сынып ата-аналарымен «Бала – ата-ана айнасы», «Жедел қызмет байланыс орталықтары туралы білесіз бе?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, бейнеролик көрсетілді.
07
март
2025
5-сынып ата-аналарымен «Бала – ата-ана айнасы», «Жедел қызмет
5-сынып ата-аналарымен «Бала – ата-ана айнасы», «Жедел қызмет байланыс орталықтары туралы білесіз бе?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, бейнеролик көрсетілді. Мақсаты: жалпыадамзаттық құндылықтардың отбасылық тәрбиедегі маңыздылығын түсіндіру, балаға рухани - адамгершілік тәрбие беруге ұйыту, бала –жанұя тәрбиесінің айнасы екенін түсіндіру; жедел қызмет байланыс орталықтары туралы мағлұмат беру. Жауапты: ДТІЖО м.а. Қозыбаева М.Е., мектеп психологы Тұрсынғалиева Ә.К., сынып жетекшісі
🎒 1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады
04
март
2025
🎒 1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады
🎒 1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады ✍🏻 Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.  🏫 ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір - 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.  🔹 Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
«Сапалы ұйқы — балалардың дамуы мен денсаулығының негізі» тақырыбында жиналыс-тренинг өтті.
06
январь
2025
«Сапалы ұйқы — балалардың дамуы мен денсаулығының негізі» тақырыбында
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы 2024-2025 оқу жылына арналған жоспары негізінде 1-4 сынып ата-аналары арасында «Сапалы ұйқы — балалардың дамуы мен денсаулығының негізі» тақырыбында жиналыс-тренинг өтті. Мақсаты: баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ата-аналардың ұйқыға құндылық қатынасын қалыптастыру. Сабақ барысында ата-аналармен топтық жұмыстар, сергіту жаттығулары, идеялар шеберханасы әдістері ұтымды жүріп, сапалы ұйқы туралы толық ақпарат берілді.
1-сыныпқа балаларды қабылдау туралы ақпарат
28
март
2024
1-сыныпқа балаларды қабылдау туралы ақпарат
1-сыныпқа балаларды қабылдау туралы ақпарат