Мектеп түлектері мен студенттердің кездесуі
Мектеп түлектері мен студенттердің кездесуі
Ауылдық клубта ерекше әрі мазмұнды кездесу өтті. Мектебіміздің жоғары сынып оқушылары және студенттер бас қосып, өзара тәжірибе алмасты. Кездесу барысында студенттер оқу орындары, мамандық таңдау және студенттік өмір жайлы қызықты ақпараттармен бөлісті.
Шараның мақсаты – жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру, болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыттау, түлектер мен оқушылар арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ жастарды салауатты өмір салтына баулу.
Шараның жалғасы ретінде студенттер мен жоғары сынып оқушылары арасында волейболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды. Ойын өте тартысты өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен спорттық рух сыйлады. Мұндай кездесулер жастар арасындағы достық қарым-қатынасты арттырып, бірлік пен ынтымақты нығайтады.