22
январь
2026
5–11 сынып ұлдарымен мазмұнды кездесу өтті.
Мектебіміздің түлегі, бүгінде Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының (РЭжБӘИИ) курсанты Джандаралов Елжаспен 5–11 сынып ұлдарымен мазмұнды кездесу өтті.
Кездесу барысында Елжас әскери оқу орнына түсу талаптары, курсант өмірінің ерекшеліктері, тәртіп пен жауапкершіліктің маңызы туралы айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, болашақ мамандық таңдауда пайдалы кеңестер берді.Осындай кездесулер оқушылардың отансүйгіштік рухын арттырып, болашаққа деген мақсаттарын айқындауға ықпал етеді.
АӘД мұғалімі: Калкаманов Д.А.
Педагог кәсіптік-бағдар беруші: Жакупбаева М.С.