Аналар күні » КГУ Алгабасская СШ
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72343) 2-10-86
Есепші бөлімі:
+7(72343) 2-10-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
сентябрь
2021

Аналар күні

Жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде Қазақстанда аналар күні аталып өтеді. Бұл мереке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2012 жылы бекітілді. Осыған орай елімізде көптеген іс - шаралар өткізу қолға алынды. Сондай шаралар мектебімізде де  өткізіліп жатыр. Іс – шараның мақсаты: Оқушылардың анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, отбасы құндылықтарын нығайту,ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты жақсы жолға қою. «Қазақстандағы Аналар күні» атты бірыңғай күн аясында 3 – 4 сынып оқушылары арасында «Менің анам алтын» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Даярлық тобы тәрбиеленушілерімен «Мен Анамды сүйемін» тақырыбында өлеңдерді мәнерлеп оқу ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылары аналарына арнап  үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша)  өлең жолдарын мәнерлеп оқып, құттықтауларын арнады. «Ана бақыты – бала бақыты» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп, оқушылар аналарына арнап құттықтау ретінде бейнероликтер түсірді.