М.Әуезовтің 127 жылдығына арналған аудандық семинар » КГУ Алгабасская СШ
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72343) 2-10-86
Есепші бөлімі:
+7(72343) 2-10-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » М.Әуезовтің 127 жылдығына арналған аудандық семинар
05
апрель
2024

М.Әуезовтің 127 жылдығына арналған аудандық семинар

Алғабас орта мектебінде М.Әуезовтің 127 жылдығына арналған аудандық семинар өтті. Семинарға аудандық білім бөлімінің əдіскерлері, аудан мектептерінің қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімдері қатысты.

Мақсаты: кешегіні болашақпен байланыстырып, қаламгер мен бүгінгі ұрпақ арасындағы әдеби-рухани байланысты нығайту. М.Әуезовтің әлемдік мәдениетке қосқан үлесімен таныстыру, ғасырлар бойы өшпейтін мұраларын насихаттау.

«Ұжымда жағымды психологиялық ахуал орнату» тақырыбындағы тренингтік жаттығудан (Тұрсынғалиева Ə.К.) басталған семинарда
мектеп директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.К.Кенжеханов «Абай мен Шәкәрім, Мұхтар шығармашылығының педагогика саласында үндесуі», кітапханашы Қозыбаева М.Е. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың Мұхтар Әуезов шығармаларын оқуы” тақырыбында баяндама жасады.

«Заманымыздың заңғар жазушысы» тақырыбында ұйымдастырылған коучинг өте қызықты өтті. (Р.М.Қозыбаева,қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Ғ.Ж.Қабылова, информатика пəні мұғалімі,А.Б.Камалбекова ағылшын тілі пәні мұғалімі).“Дәуірдің дара тұлғасы - Мұхтар Әуезов” тақырыбымен өткен шығармашылық жұмысқа қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Е.Е.Әмірханов жауапты болды.Тақырыптық іс-шаралардың мазмұнына үйлестіріле жасалған сергіту сəттері семинар қатысушыларының көңілінен шықты (М.Жақыпбаева, А.Кенжеханова, М.Төкенова).