"Адал ұрпақ - жарқын болашақ" аудандық слеті » КГУ Алгабасская СШ
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72343) 2-10-86
Есепші бөлімі:
+7(72343) 2-10-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Адал ұрпақ - жарқын болашақ" аудандық слеті
22
декабрь
2023

"Адал ұрпақ - жарқын болашақ" аудандық слеті

22 қараша күні ШҚО білім басқармасы Күршім аудандық білім бөлімінің жоспарына сəйкес Алғабас орта мектебінде "Адал ұрпақ" клубының жетекшілері, тəлімгерлер мен мектеп директорларының тəрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған "Адал ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбында аудандық слет өткізілді.
Слеттің мақсаты: өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, жоғары өнегелі, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік-құзыретті азаматты қалыптастыру.
Слеттің міндеттері:
1) Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру;
2) ізгі ниетті, ашық және көп мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Слет барысында "Жемқорлықсыз өмір – адал өмір» пікірсайысы, «Мәңгілік елдің - адал ұрпағы» Quiz» зияткерлік ойыны жəне «Парасатты да дені сау жастар - Тәуелсіздігіміздің тірегі» ұлттық спорт ойындары, атап айтқанда, асық ату, бес тас, шалма тастау ұлттық ойындары ұйымдастырылды.
Іс-шара «Айбынды елдің ұланы, адал болу ұраны» мерекелік бағдарламасымен қорытындыланды.