"Адал ұрпақ - жарқын болашақ" аудандық слеті » КГУ Алгабасская СШ
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72343) 2-10-86
Есепші бөлімі:
+7(72343) 2-10-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Адал ұрпақ - жарқын болашақ" аудандық слеті
22
ноябрь
2023

"Адал ұрпақ - жарқын болашақ" аудандық слеті

Слеттің мақсаты: өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, жоғары өнегелі, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік-құзыретті азаматты қалыптастыру.
Слеттің міндеттері:
1) Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру;
2) ізгі ниетті, ашық және көп мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Слет барысында "Жемқорлықсыз өмір – адал өмір» пікірсайысы, «Мәңгілік елдің - адал ұрпағы» Quiz» зияткерлік ойыны жəне «Парасатты да дені сау жастар - Тәуелсіздігіміздің тірегі» ұлттық спорт ойындары, атап айтқанда, асық ату, бес тас, шалма тастау ұлттық ойындары ұйымдастырылды.

Іс-шара «Айбынды елдің ұланы, адал болу ұраны» мерекелік бағдарламасымен қорытындыланды.