11
сентябрь
2025
Құқықбұзушылықтардың, нашақорлықтың алдын алу бойынша кеңейтілген дәріс өткізілді
Мектебіміздің оқушыларымен құқықбұзушылықтардың, нашақорлықтың алдын алу бойынша кеңейтілген дәріс өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы түсіндіріліп, құқыққа қайшы әрекеттердің салдары туралы айтылды. Сонымен қатар, жасөспірімдерге өз құқықтары мен міндеттерін білу, заң талаптарын сақтау, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын меңгеру жөнінде кеңестер берілді.
Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, құқықбұзушылық пен теріс әрекеттердің алдын алу, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін құрметтеуге үйрету.
Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, құқықбұзушылық пен теріс әрекеттердің алдын алу, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін құрметтеуге үйрету.