12
январь
2026
«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ»атты сынып сағаты ұйымдастырылды.
Мектебімізде 9-сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ»атты сынып сағаты ұйымдастырылды.
Сабақ барысында оқушылар адалдықтың маңызы, әділ шешім қабылдау, заңдылықты сақтау туралы пікірлерімен бөлісті.
Бұл шара жас ұрпақтың құқықтық санасын арттырып, әділ қоғам құру жолындағы жауапкершілігін нығайтуға бағытталды.
Адал болу – әр азаматтың парызы!
Мақсаты:
Оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оны тану және одан аулақ болу туралы түсінік қалыптастыру; адалдық, әділдік, заңға құрмет және азаматтық ұстаным қалыптастыру.
Жетекшісі:Сыдықова А.Б.