Мектеп тарихы » КГУ Алгабасская СШ
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72343) 2-10-86
Есепші бөлімі:
+7(72343) 2-10-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2022

Мектеп тарихы

1958-1959 жылдары бүгінгі Алғабас ауылының орнында орналасқан Байшолақ ауылында 9 тұрғын үй болған. Осы кезде тұрғындар үшін «Жаңа талап» бастауыш мектебі ашылады. Мектеп басшысы болып Қ.Тастанбеков тағайындалып, Бәбікеев, Баева, Ш.Кішібаева, Қ.Тастанбеков, С.Түселбаев, Қ.Темірбаев сынды ұстаздар сабақ береді. 
1960-1961 жылдары мектепті С.Ахтанов басқарады. 1963-1964 оқу жылында «Жаңа талап» мектебі 7 жылдық мектеп болып қайта құрылып, басшысы болып Қ.Тұрар тағайындалады. 
1966 жылдан 1977 жылға дейін мектепті Н.Қайыров,  1977 жылдан 1993 жылға дейін С.Мұқанов басқарды. 1974-1975 оқу жылында мектеп 10 жылдық білім беретін орта мектеп ретінде қайта құрылады. 
1994-2011 жылдар аралығында мектепте Ә.Мамаев директор болады. 
2004-2005 жылдары Алғабас ауылында қос қабатты жаңа мектеп ғимараты бой көтереді.