Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департаментінің тапсырмасына сәйкес Алғабас орта мектебінің ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, ашықтық пен әділдік қағидаттарын ұстану мәселелері кеңінен талқыланды. Ұжым мүшелеріне қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, бейне ролик, слайд көрсетілді. Білім беру саласындағы жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жолдары қарастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, әр қызметкердің жеке жауапкершілігін арттыру және адалдық қағидаттарын нығайту.
Алғаба орта мектебінің ұжымы заң талаптарын қатаң сақтап, ашық әрі әділ жұмыс жүргізуге дайын екендіктерін білдірді.