«Ұлттың ұлы ұстазы» атты бірыңғай тілдер күні » КГУ Алгабасская СШ
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72343) 2-10-86
Есепші бөлімі:
+7(72343) 2-10-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлттың ұлы ұстазы» атты бірыңғай тілдер күні
05
сентябрь
2021

«Ұлттың ұлы ұстазы» атты бірыңғай тілдер күні

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік іс – шараларды өткізу бойынша тұжырымдамалық негіздер шеңберінде мектебімізде әртүрлі шараларды өткізу қолға алынып жатыр. Қазақтың белгілі ағартушы ғалымы Ахмет Байтұрсынұлының  5 – ші қыркүйекте дүниеге келген күніне орай мектебімізде 6 – шы қыркүйек күні  «Ұлттың ұлы ұстазы» атты біріңғай тілдер күні атап өтілді.
Тілдер мерекесінің 5 –ші қыркүйек болып белгіленуінің өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы  - Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде бүкіл қазақстандықтар Тіл мерекесін тойлап, түрлі іс –шаралар ұйымдастырады. 
Тілдер күні аясында мектебімізде бастауыш сынып оқушылары арасында  «Жақсы деген немене, жаман деген немене?» атты сурет байқауы; «Адам болам десеңіз...» атты ақынның мысал өлеңдерін мәнерлеп оқу шарасы; 5 – 9 сынып оқушыларымен «Ұлттың ұлы ұстазы» атты салтанатты жиын; кітап көрмесі; «Дәуірдің жарық жұлдызы» тақырыбында эссе жазу; 10 – сынып оқушыларымен «Латын графикасына көшу – заман талабы» атты пікірсайыс сабағы; «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында сынып сағаттары өтті.