Ақпарат » Страница 10 » КГУ Алгабасская СШ
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72343) 2-10-86
Есепші бөлімі:
+7(72343) 2-10-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бір шаңырақ астында
29
апрель
2021
Бір шаңырақ астында
Алғабас орта мектебінде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай бастауыш сынып оқушылары арасында "Бір шаңырақ астында" атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Менің ауылымның болашағы
29
апрель
2021
Менің ауылымның болашағы
"Біз болашаққа жауаптымыз" экологиялық білім берудің аясында 9,11 сыныптар арасында "Менің ауылымның болашағы" атты ой бөлісу сағаты болып өтті. Мақсаты: -туған жердің қадір-қасиетін ұғынуды тереңдету; -туған еліне, жеріне сүйіспеншіліктерін арттыру; Жетекшілері: Ерменова Б.К , Қаратаева Д.О
Тұрмыстық қалдықтардың екінші өмірі
28
апрель
2021
Тұрмыстық қалдықтардың екінші өмірі
Алғабас орта мектебінде экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық "Біз болашаққа жауаптымыз" атты апталығының жоспарына сәйкес 5-6 сынып оқушыларының 《Тұрмыстық қалдықтардың екінші өмірі》атты қолөнер байқауы өткізілді.
Бой түзеу – әуелі ой түзеу
27
апрель
2021
Бой түзеу – әуелі ой түзеу
Қыздар кеңесінің кезекті отырысы Қажыбаева А.Ш. ұйымдастыруымен "Бой түзеу – әуелі ой түзеу" тақырыбында мектебіміздің 9,11 сынып қыздарымен өтті. Мектеп медбикесі Қ.М.Қозыбаева баяндама оқып, мектеп психологы Турсангалиева А. сауалнама алды. Мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс –тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті ,сыпайы, адамгершілігі
Отбасы сағаты
27
апрель
2021
Отбасы сағаты
Алғабас орта мектебі 3-сынып Жетекші:Қажыбаева Айғаным 15-мамыр Халықаралық Отбасы күні аясында "Отбасы сағаты" республикалық акциясы. Мақсаты: Отбасы – Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу болып табылады
Мен табиғатты аялаймын
27
апрель
2021
Мен табиғатты аялаймын
"Біз болашаққа жауаптымыз" Экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық апталық жоспарына сай 3 сыныпта "Мен табиғатты аялаймын" атты фотокөрме өтті. Мақсаты:Қоршаған ортаның қадірін түсініп, оны бағалап қорғай білуге үйрету. Жетекші:Қажыбаева Айғаным
"Жер - біздің ортақ үйіміз"
26
апрель
2021
"Жер - біздің ортақ үйіміз"
Экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық "Біз болашаққа жауаптымыз" атты апталығының жоспарына сәйкес 4 сыныпта "Жер - біздің ортақ үйіміз" атты бейнеролик көрсетілді. Мақсаты: бейнероликтер көрсету арқылы оқушыларды жер-ананы қорғауға, ластамауға, көркейтуге шақыру.
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
23
апрель
2021
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
3-сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік жаңғырығы" атты "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сайысы өтті. Мақсаты:Қазақ халқы сөз қадірін біліп, қасиетті сөздерді аузынан тастамай, қастерлеп келе жатқан халық екенін түсіндіре отырып, оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту және ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
1001 мақал, 101 жұмбақ
23
апрель
2021
1001 мақал, 101 жұмбақ
Алғабас орта мектебінің 4 сыныбында тәрбие сағаты болып өтті. Жетекшісі: Калидолдина Г. Тақырыбы:1001 мақал, 101 жұмбақ Мақсаты:Ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, қымбат қазынасы мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды дәріптеу. Тәрбиелігі: Мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды үйрете отырып, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тұлғалы азамат болып өсуге тәрбиелеу.
Тазалық жұмыстары
15
апрель
2021
Тазалық жұмыстары
Алғабас орта мектебінде мектеп ауласына, спорт алаңына тазалық жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулу.