Ақпарат » Страница 12 » КГУ Алгабасская СШ
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72343) 2-10-86
Есепші бөлімі:
+7(72343) 2-10-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шымырлық күні
19
март
2021
Шымырлық күні
Алғабас орта мектебінде "Шымырлық күні" іс-шаралар жоспары бойынша 9, 11сынып оқушыларымен ұлттық ойындар ойналды. Мақсаты: оқушылар бойында ұлттық ойындарға, салт-дәстүрге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Шымырлық күні
19
март
2021
Шымырлық күні
Алғабас орта мектебінде "Шымырлық күні" іс-шаралар жоспары бойынша тәрбие жұмысы болып өтті. Тақырыбы:"Ұлттық ойын-халық қазынасы" Мақсаты: халқымыздың ұлттық ойындары туралы білімдерін толықтыра отырып, оқушыларды икемділікке, ширақтыққа және танымдық дағдыларын дамыту. 1-сынып Сынып жетекшісі: Тоғжанова З
Игі істер күні
18
март
2021
Игі істер күні
Алғабас орта мектебінде "Игі істер күні" іс-шаралар жоспары бойынша "Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің" тақырыбымен қайырымды істер марафоны ұйымдастырылып, ауылымыздағы жалғыз басты аналарға көмек көрсетілді.
Тарихқа тағзым күні
17
март
2021
Тарихқа тағзым күні
Алғабас орта мектебінде "Тарихқа тағзым күні" іс-шаралар жоспары бойынша "Ұлттық қолөнер - асыл мұрамыз" тақырыбында ұлттық қолөнерді дамыту, қолөнер шеберлерінің жасаған бұйымдарын насихаттау мақсатында көрме ұйымдастырылып, әжелер алқасының мүшесі Мыңтаева Сарқыт әженің, ағаш шебері Қаратаев Нұржанның қолынан шыққан бұйымдарымен қашықтықтан таныстырылды.
"Туралықты тұғыр еткен Төле би" тақырыбында Адалдық сағатты
16
март
2021
"Туралықты тұғыр еткен Төле би" тақырыбында Адалдық сағатты
Алғабас орта мектебінің ортаңғы буын оқушылары мен "Туралықты тұғыр еткен Төле би" тақырыбында Адалдық сағаттары өткізілді. Мақсаты: ойшыл, дана бабамыз Төле бидің өнегесі мен өсиеттерін насихаттау арқылы оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін тәрбиелеу. Жауапты: Болатқанұлы Елдар
Шежіре күні
16
март
2021
Шежіре күні
Алғабас орта мектебінде 11 сыныпта ШЕЖІРЕ күніне орай тәрбие жұмысы болып өтті. Мақсаты: оқушыларды қазақ шежіресінің тарихымен, жүздерімен, руларымен және Жеті атаның маңызымен таныстыру. Оқушылар бойында тектілікті дамыту. Сынып жетекшісі: Ерменова Бақыт Қайырқанқызы
Жайлау күні
15
март
2021
Жайлау күні
Алғабас орта мектебінде 8 сыныпта ЖАЙЛАУ күніне орай тәрбие жұмысы болып өтті. Мақсаты: Наурыз мерекесіне байланысты Жайлау күні туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Бактиярова Раушан Сағатқызы
Көрісу күні
13
март
2021
Көрісу күні
Алғабас орта мектебінде Наурыз мерекесі қарсаңында салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында оқушыларға Көрісу мейрамы туралы бейнероликтер көрсетілді. Бұл көне дәстүр-қазақ халқының өскелең ұрпақты ынтымаққа, бірлікке, татулыққа, ізеттілік пен мейірімділікке бастайтын ерекше үрдістерінің бірі екенін түсіндіру.
"Көрісу күніне" орай  тәрбие жұмысы
12
март
2021
"Көрісу күніне" орай тәрбие жұмысы
Алғабас орта мектебінің 2 сыныбында "Көрісу күніне" орай тәрбие жұмысы өтті. Мақсаты: оқушыларға КӨРІСУ туралы түсінік беру, қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету. Сынып жетекшісі: Нурсолтанова Ш.Е.
"Тарих білгірі" атты тарихи-интеллектуалды ойыны
11
март
2021
"Тарих білгірі" атты тарихи-интеллектуалды ойыны
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне 9,11 сыныптар арасында "Тарих білгірі" атты тарихи-интеллектуалды ойын өтті. Мақсаты:ҚР жеткен жетістіктері туралы оқушылардың білгендерін ортаға салу, талқылау оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеу