01
сентябрь
2025
1 қыркүйек – еліміздегі ең маңызды мерекелердің бірі – Білім күні.
1 қыркүйек – еліміздегі ең маңызды мерекелердің бірі – Білім күні. Бұл күн жыл сайын миллиондаған оқушы мен студент үшін жаңа оқу жылының басталуын білдіреді.
Білім күні – тек мектепке бару күні емес, бұл – жаңа белестерге қадам басу, жаңа достар табу, жаңа армандарға ұмтылу күні. Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн ерекше. Олар алғаш рет қолына әліппе ұстап, ұстаздарымен және сыныптастарымен танысады.
Білім – адам өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі. Халқымыз «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, білімді ұрпақ – елдің болашағы. Елбасымыз айтқандай, «Болашақ – білімді жастардың қолында».