«Заң және тәртіп» айлығының ашылуы өтті » КГУ Алгабасская СШ
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72343) 2-10-86
Есепші бөлімі:
+7(72343) 2-10-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Заң және тәртіп» айлығының ашылуы өтті
08
январь
2026

«Заң және тәртіп» айлығының ашылуы өтті

Білім беру мекемесінде «Заң және тәртіп» айлығының ашылуына орай оқушыларға арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында айлықтың мақсаты мен міндеттері таныстырылып, заң талаптарын сақтау, тәртіпті болу және құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берілді.
 
 Оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы жауапкершілік пен тәртіпті сақтау мәселелері қозғалды. Сондай-ақ айлық аясында өтетін жоспарланған іс-шаралар таныстырылып, оқушыларды белсенді қатысуға шақырды.
 Бұл түсіндіру жұмыстары жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға құрметпен қарауға бағытталған.