12
март
2026
Туберкулездің алдын алу
Шағын орталықтың бүлдіршіндеріне туберкулездің алдын алу мақсатында тазалықтың маңызы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балаларға жеке гигиенаны сақтау, қолды жиі жуу, таза ауада серуендеу және қоршаған ортаның тазалығын сақтау туралы қарапайым әрі түсінікті түрде айтылды.Тазалық – денсаулық кепілі екенін кішкентай кезден бойларына сіңіру арқылы балалардың денсаулығын нығайтуға және түрлі аурулардың алдын алуға болады. Бүлдіршіндер белсенді қатысып, тазалық ережелерімен танысты.
Дені сау ұрпақ – ел болашағы!
Медбике: Калдешова Р.Д.
Дені сау ұрпақ – ел болашағы!
Медбике: Калдешова Р.Д.