Іс-шаралар » Страница 11 » КГУ Алгабасская СШ
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы білім бөлімінің
"Алғабас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72343) 2-10-86
Есепші бөлімі:
+7(72343) 2-10-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата - ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп”
11
сентябрь
2025
“Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата - ана, қолдаушы ұстаз және
“Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата - ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп” тақырыбында 11-сынып ата-аналарымен сынып жиналысы өткізілді. “Эмпатия - отбасында қарым-қатынас орнату тәсілі” туралы түсініктеме берілді. Ә.Тұрсынғалиева түсініктеме берді. Мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту. Сынып жетекші: Сапарғалиева А.Б. 
«Заңсыз діни білім жапа шектірмесін» тақырыбында мектебімізде оқушыларға арнайы танымдық бейнероликтер көрсетілді.
09
сентябрь
2025
«Заңсыз діни білім жапа шектірмесін» тақырыбында мектебімізде
«Заңсыз діни білім жапа шектірмесін» тақырыбында мектебімізде оқушыларға арнайы танымдық бейнероликтер көрсетілді. Мақсаты – оқушыларға заңсыз діни ағымдардың зиянын түсіндіру, діни сауаттылықты арттыру және радикалды көзқарастардың алдын алу. Іс-шара барысында оқушылар заңды білім беру мекемелерінің маңыздылығы және діни білім алудағы заң талаптары туралы ақпарат алды.
«Отбасындағы сыйластық» тақырыбында сабақ өткізілді.
08
сентябрь
2025
«Отбасындағы сыйластық» тақырыбында сабақ өткізілді.
6-сыныпта «Отбасындағы сыйластық» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: – Оқушыларға отбасы мүшелері арасындағы сыйластықтың маңызын түсіндіру; – Ізеттілік, құрмет, қамқорлық сияқты адами қасиеттерді бойына сіңіруге ықпал ету; – Отбасында жақсы қарым-қатынас қалыптастыруға тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Бақтиярова Р.С
«Қауіпті хобби және серуендеу орындары» тақырыпқа сынып сағаты өткізілді.
08
сентябрь
2025
«Қауіпті хобби және серуендеу орындары» тақырыпқа сынып сағаты
9-сыныпта «Қауіпті хобби және серуендеу орындары» тақырыпқа сынып сағаты өткізілді. Мақсаты :Оқушыларға «қауіпті хобби мен серуендеу орындары» туралы түсінік бере отырып, олардың бойында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі рөлін, отбасылық қолдау мен сенімнің маңызын ұғындыру; «Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім!» ұстанымы арқылы оқушыларды отбасына құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сынып жетекші:Сыдықова.А.Б  
«Менің бақытты отбасым» тақырыбында сынып сағаты өтті.
08
сентябрь
2025
«Менің бақытты отбасым» тақырыбында сынып сағаты өтті.
2-сыныпта «Менің бақытты отбасым» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларға отбасы ұғымын түсіндіру, отбасы мүшелерін құрметтеуге, бір-біріне қамқор болуға тәрбиелеу. 
А.Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы
05
сентябрь
2025
А.Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы
Қазақтың біртуар перзенті, ұлы ақын, ғұлама ойшыл А.Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант күніне орай мектеп оқушылары диктант жазды. 
А.Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы
05
сентябрь
2025
А.Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы
Қазақтың біртуар перзенті, ұлы ақын, ғұлама ойшылҚазақтың біртуар перзенті, ұлы ақын, ғұлама ойшыл А.Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант күніне орай мектеп оқушылары диктант жазды. Диктанттың мақсаты – Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту. на арналған жалпықазақстандық ашық диктант күніне орай мектеп оқушылары диктант жазды.
Қазақстан халқы тілдері күні!
05
сентябрь
2025
Қазақстан халқы тілдері күні!
Бүгін – Қазақстан халқы тілдері күні! 🌍✨ Осы атаулы күнге орай ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан көрме ұйымдастырылды және «Жәдігер» циклымен фоеде деректі фильм көрсетілді. 🔹 Мақсаты: Оқушыларға тілдің құндылығын насихаттау, мемлекеттік тілді құрметтеуге, ұлттық болмысты сақтауға баулу. Кітапханашы: Қозыбаева М.Е. 
1 қыркүйек – еліміздегі ең маңызды мерекелердің бірі – Білім күні.
01
сентябрь
2025
1 қыркүйек – еліміздегі ең маңызды мерекелердің бірі – Білім күні.
1 қыркүйек – еліміздегі ең маңызды мерекелердің бірі – Білім күні. Бұл күн жыл сайын миллиондаған оқушы мен студент үшін жаңа оқу жылының басталуын білдіреді. Білім күні – тек мектепке бару күні емес, бұл – жаңа белестерге қадам басу, жаңа достар табу, жаңа армандарға ұмтылу күні. Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн ерекше. Олар алғаш рет қолына әліппе ұстап, ұстаздарымен және сыныптастарымен танысады. Білім – адам өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі.
Жоғары мектебінің химия кафедрасы «Professional Upgrading» мансап орталығымен бірлесе өткізілді
28
март
2025
Жоғары мектебінің химия кафедрасы «Professional Upgrading» мансап
С.Аманжолов атындағы ШҚУ IT және жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің химия кафедрасы «Professional Upgrading» мансап орталығымен бірлесе өткізген қала және аймақ мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасындағы химия пәнінен аймақтық олимпиадасында 10-сынып оқушылары Байғабылова Ұлжан 1- орынды, Төлеуханова Гүлдерай 3-орынды жеңіп алса, Қатаева Ұлжан қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: химия пәні мұғалімі Төкенова М.А.